Қарағандыда жүргізуші жолды кескен қарияны аяусыз соққыға жықты

Фотография - Қарағандыда жүргізуші жолды кескен қарияны аяусыз соққыға жықты

Өзге көлік иелері ақсақалдың өтіп кетуін сабырлықпен күтіп тұрса, шыдамсыз жүргізуші қарияға тіл тигізуге кіріскен.

256 0

Қарағандыда жүргізуші көше бойында қарияға жұдырық ала жүгіріп, аяусыз соққыға жыққан деп хабарлайды nur.kz порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға куәгері болған агенттік тілшісі, тіпті қарт кісіге араша түсіп үлгере алмағанын айтуда.
Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған қария ашушаң жүргізушіге тап болған. Өзге көлік иелері ақсақалдың өтіп кетуін сабырлықпен күтіп тұрса, шыдамсыз жүргізуші қарияға тіл тигізуге кіріскен. Кейін көліктен шығып, қарт кісіге жұдырық сілтеген.  Ақсақал соққыдан құлап қалғанына қарамастан, ол ұруын тоқтатпаған.
"Ақ "Джиптегі" жүргізуші соққыға жығып жатқанда қарияға араша түспек болдым. Мен оларға жүгіріп жеткенше, жүргізуші қарияны әбден ұрып, көлігіне отырды да кетіп қалды", - дейді куәгерлердің бірі Евгений Ким.
Сол арада қария орнынан тұра алмай жол ортасында жатып қалған. Кейін жедел жәрдем келіп, қарияны қалалық емханаға алып кеткен.
Дәрігерлер зейнеткердің көзі дұрыс көрмейтіндіктен, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен болуы мүмкін екенін алға тартты.
"Ол жол белгісін шатастырып алған болуы керек. Қарт кісінің соққылардан денесі ісіп, басы мен қолы ауырып қалған", — дейді ақ халаттылар.
Қарияны соққыға жыққан жүргізуші әзірге құрықталмады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!