Қарағанды облысында қарияны ұрып, тонағандар ұсталды

Фотография - Қарағанды облысында қарияны ұрып, тонағандар ұсталды

Жас шамалары 25 пен 30-дың аралығындағы төрт күдікті Новодолинка поселкесінде тұратын зейнеткердің пәтеріне барып, оны ұрып-соққан.

169 0

Қарағанды облысында 81 жастағы қарт адамды соққыға жығып, ақшасын тартып әкеткен төрт күдіктіні полиция қызметкерлері қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Жас шамалары 25 пен 30-дың аралығындағы төрт күдікті Новодолинка поселкесінде тұратын зейнеткердің пәтеріне барып, оны ұрып-соққан. Сонан кейін қарияның 22 мың теңгесін тартып алып, өзін автокөлікке салып айдалаға апарып тастаған.

Шығар-шықпас жаны бар зейнеткерді ауылдастары тауып алыпты. Басы жарылып, бұғанасы сынған қария қазіргі уақытта Шахтинскідегі қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Ал полиция қызметкерлері болса, осы қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстап, қамауға алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!