Полиция "Оңай" туралы жалған ақпарат таратқан 54 жасар әйел адамды ұстады

Фотография - Полиция "Оңай" туралы жалған ақпарат таратқан 54 жасар әйел адамды ұстады

Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

531 0

Жолаушылардан "Оңай" картасын тексеру кезінде тексерушілер ақша шешіп алантындығы туралы жалған ақпаратты 54 жасар әйел мессенджер арқылы таратқан, деп жазады Today.kz "Алматы қаласы көлік холдингіне" сілтеме жасай отырып. Алайда, "Оңай" жүйесінің операторы болып келетін компания жолаушыны жазаламауын сұрауда.

Холдингте карталарды қолмен тексеру кезінде есептен ақша шешу мүмкін еместігін айтады. Сонымен бірге, баланстан ақша жоғалу туралы бірде бір факт дәлелденбеді, "осыған байланысты ақпарат жалған".

"Аталған факт түскен арыз негізінде Алматы ІІД СДТБТ-ға тіркелді. Бұл ақпаратты таратушының ісінде ҚР ҚК 130-бабы "Жалған айту" бойынша қылмыстық амалдар бар", - дейді қалалық ІІД.

Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Дегенмен, көлік холдингінде әйел адамның жауапқа тартылуын талап етпейтіндігін жеткізді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!