Алматыда қарапайым азаматтар сияқты киінген полицейлер қалта ұрыларын ұстады

Фотография - Алматыда қарапайым азаматтар сияқты киінген полицейлер қалта ұрыларын  ұстады

Ұсталғандардың суреттері жария етіліп отырады

430 0

Алматы полициясы қоғамдық көлікте азаматтардың жеке заттарын ұрлаумен айналысқан кезекті топты қолға түсірді, деп жазады Today.kz қаланың ІІД сілтеме жасай отырып. Полицияның мәліметінше, қалта ұрыларын қарапайым азаматтар сияқты киінген арнайы жаттықан полицейлер ұстаған.

"Қалт ұрылары ешқашан жалғыз әрекет етпейді. Осындай "қылмыстық дуеттің" тағы бірі ұсталды. Құқық қорғаушылар оларды жолаушының телефонын ұрлап алғаннан кейін,  қылмыс үстінде ұстады", - дейді ІІД.

Ұсталғандардың Тараздан келгені анықталды. Ер адамдар ұрлығын бірден мойындап, ұрланған телефонды полицейлерге тапсырды.

Полицияда жоғарыда аталған тәсілден өзге қалта ұрыларымен күреске тағы бір жаңа әдіс қолданатынын айтты. Ұсталғандардың фото суреті БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жария етіліп отырмақ. Бұл өз кезегінде олардың қолынан зардап шеккендерді анықтаумен, осы тұлғалардың ісінен сақ болуға септігін тигізеді деген сенімде.

Осы мақсатта әлеуметтік желіде  "Алаяқтарсыз Алматы" парақшасы ашылған. Ол жерде көптеген алаяқтық бойынша күдіктілердің суреттері мен олар жайлы қысқа мәлімет  орналастырылады.

Естеріңізге салсақ, 20 ақпанда полицейлер қарапайым азаматтар сияқты киініп, қоғамдық көлікте ұрлықпен айналысушыларды ұстауға кіріскені белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!