Көлік полицейлері "Алматы-Атырау" жүрдек пойызынан героин тәркіледі

Фотография - Көлік полицейлері "Алматы-Атырау" жүрдек пойызынан  героин тәркіледі

Тексеру барысында күдіктіден ірі көлемде есірткі заты бары анықталып, тәркіленіп алынды

188 0

Ағымдағы жылғы 25 ақпанда Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің қызметкерлері Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында "Жұрын-Қандыағаш" станцияларының өткелінде "Алматы-Атырау" бағытындағы Тальго жүрдек пойызында Жамбыл облысы Тараз қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Тексеру барысында күдіктіден ірі көлемде есірткі заты бары анықталып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 971 граммды құрайтын «героин» есірткі заты екені анықталды.

Аталған факт Қандыағаш ст. желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!