Алматыда заңсыз салынып жатқан мейрамхана сүрілді

Фотография - Алматыда заңсыз салынып жатқан мейрамхана сүрілді

Құрылыс ешбір құжатсыз жүргізілген

430 0

Алматыда заңсыз салынып жатқан мейрамхана құрылысы сүрілді, деп жазады Today.kz. Қала басшылығының хабарлауынша, нысанның иесі мұның алдында бұзушылықтарды жөндеу туралы ескертпе алған, дегенмен ол талаптарды елемеген.

"Ол рұқсатсыз салынған, жобалау құжатынсыз, техникалық және авторлық бақылаусыз, құрылыс-монтаждық жұиыстар туралы хабарлаған да жоқ. Мұның алдында, жұмыс тоқтатылып, аталған құжаттар ұсынылу керек деген ескертпе жасалған", - дейді МСҚБ (мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасы) жетекшісі Айдар Жақсыбеков.

Ауданаралық арнайы экономикалық сот шешімімен екі қабатты ғимараттың иесін оны сүруге міндеттеді. Айта кетейік, нысанның иесі құрылысы бітпеген мейрамхананы сүруге бірден келісті.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!