АҚШ та қаза тапқан балалардың отбасы оларды Қазақстаннан асырап алған

Фотография - АҚШ та қаза тапқан балалардың отбасы оларды Қазақстаннан асырап алған

Отбасы туралы қайтыс болған әйелдің сіңілісі айтып берді.

499 0

АҚШ-та қаза тапқан бір отбасының жеткіншектері қазақстандықтар екені анықталды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігі хабарлады.

"Біз Вашингтонда болған оқиғадан қаза тапқандар арасында екі жеткіншектің Азиядан болғандығын растаймыз", – деп мәлімдеді АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі.

"Лана Карлсонның екі баланы Қазақстаннан асырап алғандығын айта аламын", – деді Лананың туған сіңлісі Джейми Нокула.

Айта кетейік, Вашингтонда Дэвид Кэмпбелл есімді азамат өз әйелі Лана Карлсон мен Қазақстаннан асырап алған Куин Карлсон және Тори Карлсон есімді жеткіншектерді атып өлтірген. Полиция қызметкерлері келген сәтте өз-өзіне қол жұмсап үлгерді. Оқиға орнында мерт болған тағы бір қыздың есімі әзірге белгісіз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!