ОҚО-да 6 жасар баланы ұрлаған кейуананың жақындары оның дуагер екенін айтты

Фотография - ОҚО-да 6 жасар баланы ұрлаған кейуананың жақындары оның дуагер екенін айтты

Олардың сөзіне сенсек, кейуана кез-келген адамды өзіне сендіріп, гипноздау қабілетіне ие екен.

531 0

ОҚО-да 6 жасар Мұхаммед Қамышбекті ұрлаған кейуананың күйеуі әйелінің оғаш әрекеттерінен өзі де қорқатынын айтып қалды деп хабарлайды nur.kz порталы ТВК арнасына сілтеме жасап.

Асан Орақбаев бөтеннің баласын үйіне әкелген әйеліне, тіпті қарсылық білдіруге қауқарсыз болғанын алға тартты.

"Ол үйге баланы алып келгенде, кішкентайдың кім екенін сұрадым. Немере жиенінің ұлы екенін айтқанда, бір гәп барын сездім. Себебі, немере жиені Кентауда тұратын, тек қыздары ғана бар еді. Сол үшін сөзге де келісіп қалдық", - дейді ер кісі.

Ал баланы ұрлаған Балжанның туысқандары оны дуагер деп атап кеткен екен. Олардың сөзіне сенсек, кейуана кез-келген адамды өзіне сендіріп, гипноздау қабілетіне ие екен.

"Бұл әйел гипноздай алады. Қасыңызда болса, оған сеніп, алданып қаласыз. Балжан бір күні үйде болса, келесі күні бірнеше айға жоғалып кетуі мүмкін", - дейді қайнағасы Аман Орақбаев.

Айта кетерлігі, баланың Балжанның қолында екенін тәртіп сақшыларына туысқандарының бірі хабарлаған. Олар Балжанның күйеуінің де дені сау емес екенін айтып қалды.

Фото -

"Бағланның күйеуі жұмыссыз отырғанына 10 жылдай болды. Оның әрекеттері біртүрлі болатын, денсаулығы нашар екенін айтып жүретін. Кейін, тіпті есінен адаса бастады. Әйелі дуалай бастағанынан есінен адасып кеткен сияқты", - дейді Асанның ағасы Жұман Орақбаев.

Еске сала кетейік, 7 жасар бала 20 ақпан күні мектепкен оралмаған болатын. Үш күн бойына іздеу жарияланған бала 23-і күні Арыс қаласынан табылды. Баланы жетекке алып кеткен азаматша да белгілі болды. Қазір таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Бала табылды. Оның 1956 жылғы туылған әйел Арыс қаласына алып кеткен. Толық ақпарат кейін беріледі. Біз оны фотороботтың көмегімен таптық", - деп мәлімдеді ОҚО-ның ІІД баспасөз қызметі.

Бала аман-есен. Полицейлер оны ата-анасына табыстады. Бүгінде Мұхаммедтің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!