Астанада қарулы тонаушылар екі полицейді атып кеткен

Фотография - Астанада қарулы тонаушылар екі полицейді атып кеткен

Полиция қызметкерлері көптеген жарақаттармен ауруханаға жатқызылды

576 0

Астанада жол полициясының екі қызметкері қарулы қарақшылар қолынан зардап шекті. Қылмыскерлер полицейлерге оқ атқан, алайда, оқиға орнынан жасырына алмады, деп жазады  Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оқиға 27 ақпанда 22:10 шамасында өндірістік аумақта болған. Ведомстводан хабарлағандай, жол патрульдік полиция қызметкерлері тонау туралы хабарлама алады. Өндірістік аймақта орналасқан құрылыстық вагонда отырған адамдардың тұлғаларын анықтау үшін құжат тексеру кезінде олардың бірі полицейлерге оқ атқан.

Оқиға орнына жедел келіп жеткен полицияның басқа да қызметкерлері 43 жасар Қарағанды тұрғыны ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылды. Ұсталған ер азамат бұрындары да істі болып, адам өлтіру бой»ынша да сотталған болып шықты.

Оқиға орнын тінту кезінде Нагана жүйеліі тапанша табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 380-бабы "Заң өкіліне қатысты күш қолдану", 287-бап "Заңсыз қару ұстау" және 99-баптың 24-тармақшасы "Адам өлтіруге талпыну" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полицейлер қазіргі кезде ауруханаға жатқызылды. Полиция старшинасы Марал Тұрғынбаевқа төрт оқ, ал, полиция сержанты Ерболат Рыспекке екі оқ тиген.

Астана ІІД басшысы Амантай Әубәкіровтың айтуынша, зардап шеккен қызметкерлер мен олардың отбасыларына жан-жақты қажетті көмек көрсетіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!