Қарағанды облысында дзюдошы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

Фотография - Қарағанды облысында дзюдошы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

Қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтар сериясын жасаған күдіктілерді ұстау бойынша операция өткен демалыс күндері жүргізілді.

225 0

Қарағандылық полицейлер букмекерлік кеңселерге бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін ұстады, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы аумағында жасалған қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтар сериясын жасаған күдіктілерді ұстау бойынша операция өткен демалыс күндері жүргізілді. 

"Екі күдікті ұсталды: олар 24 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері мен 27 жастағы жұмыссыз ер адам. Спортшы Астанада, оның сыбайласы Теміртауда ұсталды", — делінген хабарламада. 

Екі күдікті де бес рет қарақшылық шабуыл жасағаны жайлы айғақты дәлел берді.

"Заттай айғақтар алынып, олардың осындай басқа қылмысқа қатыстылығының бар-жоғы тексерілуде", — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағыышына қамалды, сот алды тергеу жүргізілуде. 

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!