"Қызылордалық смотрящий" мен оның бандасы ұзақ мерзімге сотталды

Фотография - "Қызылордалық смотрящий" мен оның бандасы ұзақ мерзімге сотталды

Іс материалына сәйкес, қылмыскерлер алаяқтық пен бизнесмендерге қысым көрсетумен айналысқан

331 0

Қызылорда облысында алаяқтық пен кәсіпкерлерге қысым көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды. Іс материалы бойынша, топта әр тұлғаның нақты істері белгіленген болған, деп жазады Today.kz Қызылорда облысының Арнайы ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сот отырысы кезінде белгілі болғандай, Жұмағұлов өзін "қала бойынша қараушы" етіп сайлап, Жұмахметов пен Тілеубергеновты "оң" және "сол" қолы еткен. Оларды топтың алаяқтық пен кәсіпкерлерге қысым көрсету істеріне бақылау жасауды тапсырған. Қылмыстық топ құрамына өз еркімен тағы да Н. Оспанов, А. Алдашев, М. Алдашев және А. Грызунов кірген.

Сот кезінде айыпталушылардың ешқайсысы кінәсін мойындамаған.

Күдіктілерге ҚР ҚК 262-бабының 1-тармақшасы "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару", 194-баптың 4-тармағы 1-тармақшасы "Қылмыстық топпен жасалған бопсалау", 177-баптың 4-бабының "б" бөлігі "Аса ірі көлемдегі алаяқтық", 262-баптың 2-тармағы "Қылмыстық топ немесе ұйымға мүше болу", 190-баптың 4-тармағының 1-тармақшасы "Ұйымдасқан топпен алаяқтық жасау" бойынша айыптар тағылды.

Сот М. Жұмағұловты кінәлі деп тауып, он жылға бас бостандығынан айырды. Жұмахметов пен Тілеубергенов сегіз жылға сотталды. ҰҚТ қалған мүшелері жеті жылға сотталды. Барлық жеті сотталушының мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!