АҚШ-тың арнайы қызметі Усама бен Ладеннің құпияларын ашты

Фотография - АҚШ-тың арнайы қызметі Усама бен Ладеннің құпияларын ашты

"Әлемдегі №1 террористің" осы және өзге де сырлары АҚШ арнайы қызметі мамандарының Бен Ладен құжаттарын тінтуі кезінде анықталған.

342 0

"Әл-Каида" жетекшісі Усама бен Ладен сырт көздің сұғанақтығынан үрейленіп, үнемі сатқындықтан, tracker бақылау жүйесінен және өзге де қауіптерден қорғанумен өткен. "Әлемдегі №1 террористің" осы және өзге де сырлары АҚШ арнайы қызметі мамандарының Бен Ладен құжаттарын тінтуі кезінде анықталған. Сондай-ақ "Әл-Каида" экс-жетекшісінің 2009-2011 жылдар аралығында жақтастарымен жазысқан хаттары да табылған көрінеді. Атап айтсақ, Усама қарамағындағыларға тұтқындарды сату кезінде ақша салынып келген чемодандарды жоюға тапсырма берген. Себебі, оларда бақылау құрылғылары жасырылған болуы мүмкін деп қорқыпты. Сонымен қатар "Әл-Каиданың" бұрынғы жетекшісі адамдарына бақылау камераларына түсіп қалмау үшін сыртқа тек бұлтты күндері ғана шығуға кеңес берген. Айта кетейік, Усама бен Ладен Пәкістанның Абботтабад қаласында америкалық арнайы қызмет әскерінің қолынан қаза тапқан болатын.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!