Қапшағайдағы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Фотография - Қапшағайдағы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Қапшағайдағы кәсіпкерлік бөлімінің басшысын пара алды деген күдікпен ұстады.

280 0

Шенеунік 3 000 АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Қапшағайдағы кәсіпкерлік бөлімінің басшысын пара алды деген күдікпен ұстады деп хабарлайды бейсенбіде ведомствоның баспасөз қызметінен.

"Ч.Ормышевтің жеке тұлғаны бопсалау жолымен "Айша Сити" жекеменшік базарының аумағында сауда нүктесін орналастырып, алдағы уақытта кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасауы үшін одан 3 000 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны анықталды",-делінген хабарламада.

Қазір осы іс бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!