Педофилмен телефон арқыды сөйлескен прокурор жұмыстан босатылды

Фотография - Педофилмен телефон арқыды сөйлескен прокурор жұмыстан босатылды

Қылмыскер аудан прокурорына жазаны жеңілдету үшін пара бергенін айтып, енді сол ақшасын қайтаруын талап еткен.

394 0

Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішевтің бұйрығымен Жаңаарқа ауданының прокуроры педофилмен телефон арқылы ақша туралы сөйлескені үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Қылмыскер Серікбаев сот залында өзінің 10 жылға сотталғанын естігеннен кейін, аудан прокурорына жазаны жеңілдету үшін пара бергенін айтып, енді сол ақшасын қайтаруын талап еткен.

Қызметтік тексеру барысында аудан прокурорының сотталушы Серікбаевпен шынында да телефон арқылы ақша туралы сөйлескені анықталған. Заңға қайшы әрекет жасағаны үшін аудан прокуроры Алмас Айтбеков қызметінен босатылып, оның орнына Жаңаарқа ауданының прокуроры болып Асылхан Әбілханов тағайындалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!