Қарағандыда жоғалып кеткен 22 жасар Айбек Мұстақаев екі ай бойы іздестірілуде

Фотография - Қарағандыда жоғалып кеткен 22 жасар Айбек Мұстақаев екі ай бойы іздестірілуде

Оның іздестіріліп жатқаны туралы парақшалар бүкіл қала бойынша ілініген

531 0

Қарағандыда екі ай бұрын жоғалып кеткен 22 жасар Айбек Мұстақаев іздестірілуде. Соңғы рет оны 3 қаңтарда "Стекляшка" дүкенінің маңынан көрген, деп жазады Today.kz.

Аймақтық ІІД-нен хабарлағандай, жігіттің іздестіріліп жатқандығы туралы парақшалар бүкіл қалада ілінген.

Жігіттің әкесі Қанат Мұстақаев ұлын іздестіру тоқтамағандығын айтады. Әкесі мен туыстары жігітті соңғы рет көрген жерлерді қарауда.

Мұның алдында, жігіт жоғалған күні оның үстінен полицияға арыз түскеі хабарланған. Облыстық ІІД-де жігіттің тонауға қатысты іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, Айбек Мұстақаев 3 қаңтар күні сағат 22:00 шамасында із-түссіз кеткен. Ол қысқа қара куртқада, қара түстес джинсы мен қоңыр ботинкада болған. Жақындарының айтуынша, ол қызына бара жатқан. Жолда ол досына өзін "Стекляшка" дүкенінің маңынан тастап кетуін сұраған, ол жерде оны күтіп алу керек болатын. Алайда, сол күннен бері одан хабар жоқ.

Айбек Мұстақаевтың қайда екенін білетіндер болса, мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: +7 (701) 395 00 84 (анасы Шынар), +7 (775) 258 88 82 (әкесі Канат),  +7 (775) 462 25 55 (ағасы Жанат).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!