Air Astana ұшқышы ұшу кезінде есірткі пайдаланғанын мойындады

Фотография - Air Astana ұшқышы ұшу кезінде есірткі пайдаланғанын мойындады

Ер адамның сырт киімінің қалтасынан жасыл түсті заты бар пакет табылды

346 0

Air Astana ұшағының 39 жасар командирі Роман Быков соңғы үш жыл бойы есірткі пайдаланып келгенін мойындады. Мұның алдында оны Алматыда кеден қызметкерлерімен бірге  өткізген рейд барысында полицейлер есірткімен ұстаған болатын, деп жазады Today.kz.

Роман Быковтан есірткіні қызметтік ит сезіп қойған. Мәскеуден Алматыға ұшып келген Airbus-320 жолаушыларының жүктерін тексеру барысында ит аяқ астынан ұшқыштың жанына тоқтаған. Оның сырт киімінің қалтасынан жасыл түсті заты бар пакет табылады, бұл зат бірден сараптамаға жолданады. Ұшқыш қанында есірткі заты барын анықтау үшін сараптамадан өту керек болады. Сараптама нәтижесі пакеттегі заттың марихуана екенін дәлелдеді. Ол ұшқыштың қанынан да анықталды.  Роман Быков марихуананы Мәскеуден ұшарда шеккенін мойындаған. Ұшқышты ұстау фактісі СДТБТ-да тіркелді, екі бап – контрабанда және есірткіні заңсыз пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!