Air Astana компаниясының есірткімен ұсталған ұшқышы өкініш білдірді

Фотография - Air Astana компаниясының есірткімен ұсталған ұшқышы өкініш білдірді

Роман Быков өз пікірін айтты

376 0

Air Astana компаниясының Airbus-320 әуе кемесінің экс-командирі 39 жасар Роман Быков Today.kz тілшісімен сөз барысында есірткі тауып алу туралы шулы іс жайында пікірін айтты. Ұшқыш әуежайда мрихуана салынған пакетпен ұсталған еді.

Мұның алдында, сараптама нәтижесінде ұшқыштың қанынан есірткі заты анықталғаны хабарланған. Роман Быковтың өзі Мәскеуден Алматыға кұшарда марихуананы шеккенін мойындаған болатын.

"Өкінішті, маған бар жақсылығын көрсеткен компанияның атына кір келтірдім. Басқа ешнәрсе айтқым келмейді, кешірерсіздер", - дейді ұшқыш Роман Быков.

Ал Быковтың компаниядағы әріптестері ол туралы оның "жақсы адам екенін, барлығымен жақсы қарым-қатынаста" болғанын айтады.

Мұның алдында Air Astana баспасөз қызметі Роман Быковтың оқиғадан кейін бірден жұмыстан шығарылғанын хабарлаған.

Ұшқышты ұстау фактісі СДТБТ-да тіркелді, екі бап – контрабанда және есірткіні заңсыз пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!