Алматыда өлтірілген студенттің жақындары сотталушыдан 11 млн теңге талап етті

Фотография - Алматыда өлтірілген студенттің жақындары сотталушыдан 11 млн теңге талап етті

Атышулы іс бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр.

293 0

Алматыда өлтірілген студенттің жақындары айыпталушыдан 11 млн теңге талап етті. Самұрат Жақсылықовтың жақындары ұлының қазасынан кейінгі моральдық және материалдық нұқсанды осындай сомамен бағалаған деп хабарлайды nur.kz КТК арнасына сілтеме жасай отырып..

Атышулы іс бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр.

Өткен жылдың қарашасында Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің әжетханасында пышақ жарақатынан 23 жастағы студент қаза болды. Ол кітапханада курстасымен сөзге келіскен. Жігіттер орынға таласып, мәселені әжетханада шешуге тырысқан.

Айыпталушы Тілек Текішев Самұрат Жақсылықовты пышағымен тек қорқытпақ болғанын алға тартты. Ал Самұрат ашулы күйде пышаққа өзі тап болды деп ақталды ол. Текішевті 12 жыл темір торға қамалу жазасы күтіп тұр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!