Алматыда жезөкшелер притондарының желісін құрған полицей Түркияда жасырынған

Фотография - Алматыда жезөкшелер притондарының желісін құрған полицей Түркияда жасырынған

Қазіргі кезде Серік Бегасылов Алматыдағы тергеу абақтысына тоғытылды

636 0

Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері Алматыда жезөкшелер притондарының желісін ұйымдастырған деген күдікпен ҚР ІІД аймақтық есірткі бизнесіне қарсы күрес (ЕБҚК) басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бегасыловты ұстады, деп жазады  Today.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

С. Бегасылов жылдар бойы құқық қорғау органдарында жетекшілік қызмет басқарған және жедел-іздестіру шаралары қалай өткізелітінін жақсы білгенін айта кету керек.

Бегасылов 2013 жылдан бері іздеуде болған және Интерпол ақпараты бойынша Түркияда жасырынып жүрген.

Бегасыловты іздеу бірнеше жыл бойы нәтижесіз болды, осы себепті ҚР Бас прокуратурасы 2015 жылы оны іздеуді жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне тапсырған.

Қазіргі кезде С. Бегасылов Алматының тергеу абақтысына қамалды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!