Арменияда әйелін түрік жігітінен қызғанған еркек сүйіктісін пышақтап өлтірді

Фотография - Арменияда әйелін түрік жігітінен қызғанған еркек сүйіктісін пышақтап өлтірді

Сотта әйелі Эгине Дамбазянға 30 жерден пышақ салып өлтірді деа айыпталған оның күйеуі Артак Аракелян мұны қызғаныштан жасағанын мойындады.

358 0

Арменияның астанасы – Ереван қалалық соты әйелін пышақтап өлтірген ер кісінің қылмыстық ісін қарауды бастады. Бұл туралы habarlar.ru сайтының ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Сотта әйелі Эгине Дамбазянға 30 жерден пышақ салып өлтірді деген айып тағылған оның күйеуі Артак Аракелян мұны қызғаныштан жасағанын жеткізді. Өзінің айтуынша, ол Ресейден кезекті сапардан оралған кезінде әйелінің өзіне деген қарым-қатынасы өзгеріп қалғанын байқаған. Сосын әйелінің Skype-ын арнайы қарай отырып, оның түн мезгілінде өздері тауар сатып алып жүрген түрік жігітімен ұзақ сөйлесіп тұратынына көзі жеткен.

Сот отырысы осыдан кейін үізіліп қалған. Себебі, жаңадан келген прокурорға іспен толық танысып шығу үшін уақыт керек болған. Ал келесі отырыс 12 наурыз күні өтпекші.

Журналистермен кездесуінде Эгиненің сіңлісі Кристине Дамбазян әпкесінің түрік жігітімен тек ақша қарызы мәселесін шешіп алу жайында сөйлескенін мәлімдеген. Ол Артактың Эгинені қызғанып, ұдайы ұрып келгенін алға тартады.

"Олар түрікке мың доллар ақша қарыз еді. Сондықтан ол қайта-қайта телефон соғып, қарызды қайтаруды талап етіп тұратын. Артактың оған жауап бергісі келмей, ылғи әпкемді сөйлесуге мәжбүр ететін. Енді келіп, оны қызғандым дегенді шығарып отыр", – деп атап өтті Кристине.

Оқиға 2015 жылғы 27 қыркүйек күні таңертең "Малатия" жәрмеңкесінің маңында болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!