Туыстары үш ай бұрын жоғалып кеткен Ольга Жукованың денесін таныды

Фотография - Туыстары үш ай бұрын жоғалып кеткен Ольга Жукованың денесін таныды

Әйел адамның денесін құтқарушылар 6 наурызда Ульба өзенінен алып шыққан

839 0

Өскеменде 2015 жылы жоғалып кеткен Ольга Жукованың денесін туыстары таныды. Мұның алдында 6 наурыз күні белгісізі қыздың денесі студенттер қалашығының маңында Ульба өзенінен табылғандығы хабарланған, деп жазады Today.kz

24 жасар Ольга Жукова 2015 жылдың 13 желтоқсанында із-түссіз кеткен. Дос қызының айтуынша, ол құжатсыз және қаражатсыз темекі шегуге шығып кетіп, оралмаған. Ол жоғалып кеткеннен кейін оның әлеуметтік парақшасында төрт жасар ұлына арналған сөз жазылған, дегенмен, туыстары мұны Ольганың өзі жазғанына күмәнданады.

Екі ай іздеуден соң Жукованың ісі "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды. Полицейлердің айтуынша, бұл өлімнің басқаша нұсқаларын анықтауға септеседі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!