Өлі күйінде табылған Ольга Жукова өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

Фотография - Өлі күйінде табылған Ольга Жукова өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

Полицияның ақпараты бойынша, қыздың денесінде зорлықпен өлтіру фактілері анықталмаған.

327 0

ШҚО полицейлері осыдан үш ай бұрын іс-түссіз жоғалып кеткен Өскемен қаласының тұрғыны Ольга Жуковаға қатысты өзін өзі өлтіруі мүмкін деген ойды қарастыруда, деп хабарлайды Тoday.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"6 наурызда сағат 21:00 шамасында Ертіс өзенінің бойында әйел адамның мәйіті табылған. Бұл туралы жағалауда серуендеп жүрген ер адам полицияға хабар берген. Аталған жерге полиция жасағы жіберілген. Туыстары мен полицейлер Ольга Жукова екенін растады", - дейді баспасөз қызметінде.

Полицияның айтуынша, мәйітті зерттеген криминалисттер қыздың денесінен зорлықпен өлтіру фактілерін анықтамаған.

"Басында іс кісі өлтіру деп қарастырылып, іздеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қазір ол бап бойынша іс тоқтатылады, себебі Ольга Жукованың денесінде зорлықпен өлтіру фактілері анықталмады. Негізгі версия, тергеушілер ұстанып отырған, - өыз өз-өзіне өол жұмсаған. Қазіргі кезде, қыздың денесі сот-медицияналық экспертизада өлімге не себеп болғаны анықталуда", - дейді мекемеде. 

Естеріңізге сала кетейік, 24 жасар Ольга Жукова 2015 жылдың 13 желтоқсанында із-түссіз жоғалып кеткен. Дос қызының айтуынша, ол құжатсыз және қаражатсыз темекі шегуге шығып кетіп, оралмаған. Ол жоғалып кеткеннен кейін оның әлеуметтік парақшасында төрт жасар ұлына арналған сөз жазылған, дегенмен, туыстары мұны Ольганың өзі жазғанына күмәнданады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!