Палодар облсында полиция қашқан көлікті соғып тоқтатқан

Фотография - Палодар облсында полиция қашқан көлікті соғып тоқтатқан

Полиция мас жүргіншіні қуған

493 0

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 наурыз күні Ольгинка ауылында ер адама мас күйінде Daewoo Matiz көлігін міне қашып, Павлодарға қарай бет алған. Көлік тым жылдам жүріп, полицияның назарына түседі. Жүргізуші полицияның тоқтау туралы талабын елмеген, деп жазады Today.kz.

Полиция көлік ізіне түседі. Жүргізуші болса, бірнеше рет ереже бұзып, тіпіт өзге көлікті де сүйкеп өткен.

"Жол патрульдік полициясының №622 батальонның полиция старшинасы Асхат Абдырахманов пен кіші сержант Бақтияр Жәкиенов құрамындағы автопатрульі, ауыр зардап болдырмау мақсатында өміріне қауіп төнгенімен аталған көлікті соғып тоқтату шешімін қабылдайды. Қолданылған шаралар арқасында Павлодардың 1988 жылғы тұрғыны басқарған көлік тоқтатылды", - дейді ІІД-нен.

Аталған факт бойынша, ҚР ҚК 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автомобильді немесе көлік құралын иелену" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталушы Павлодардың уақытша қамау абақтысында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!