ҚазҰТУ студентінің өлімі бойынша негізгі куәгерлер тыңдалды

Фотография - ҚазҰТУ студентінің өлімі бойынша негізгі куәгерлер тыңдалды

Самұрат Жақсылықовтың туыстары айыпталушыдан 12 миллион теңге өндірмек

384 0

Алматының Бостандық аудандық сотында Қ. И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақслықовты өлтіру ісі бойынша тыңдау болды. Іс барысында оқиға куәгерлері тыңдалды, деп жазады Today.kz. Көз жұмған жігіттің туыстары айыпталушы 23 жасар Тілек Текішевкен 12 миллион теңгеден астам соммаға өтемақы төлеуді талап етті.

Университет кітпханашысы Қарлығаш Шәйменова сол күні Жақсылықов пен Текішвті көрген.

"12:50 шамасында Жақсылықов 19-шы компьютерге отырды. Мен оны жақсы білемін – ол кітапханаға жиі келеді. Бір сағаттан кейін Текішев келді. Ол бізде жиі болмайды, сонда да есімде қалған. Артқы орындар бос болған. Олар қалай шыққанын білмеймін. Дәл кітапханада төбелес болған жоқ", - дейді Шәйменова.

Сонымен бірге айыпталушы жақ басқа да куәгерлерді шақырған. Олар әр адамға мінездеме берді.

"Мен ол күні асығыс кетіп бара жатып, дәлізден Текішев пен Жақсылықовты көрдім, - дейді куәгер болып отырған Мұрзабек атты ҚазҰТУ студенті. – Адам көп болды, сол үшін олардың не айтып жатқаны естілмеді. Беттерінде еш жарақат болмады, олар шамамен дәретханаға қарай бар жатқан. Жақсылықов Текішевты қолынан ұстап өзі бір қадам артта жүріп келе жатқан. Мен болған жйтты кейін естідім".

Мұның алдында айыпталушы Тілек Текішев Жақсылықовтың бірінші болып ұрғаннан "бетін қан жапқасын, өзін қорғау үшін пышақ алғанын" айтқан болатын.

Дегенмен сот барысында прокурорлар күдіктінің сол кезде киген курткасын көрсетті. Ол жерде Текішев қан іздерін көрсете алмады.

Естеріңізге салсақ, ҚазҰТУ 4 курс студенті Самұрат Жақсылықов 2015 жылдың 30 қарашаында оқу орнының қабырғасында адам қолынан көз жұмған. Күдікті ретінде Жақсылықовтың 23 жасар курстасы Тілек Текішев ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі арада кикілжің кітапханада туындаған. Ал 21 жасар Жақсылықовтың денесі пышақ жарақаттарымен дәретханадан табылған. Самұрат Жақсылықовтың туыстары мен жақындары оның төбелес бастауы мүмкін екендігіне сенбейді, ойткені ол сабырлы болғандығын айтады.

Мұның алдында көз жұмған жігіттің жықыны күдіктінің дәулетті туыстары іс барысына кедергі келтіруі мүмкін деген пікір айтқан.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!