ШҚО-да қоқыстан табылған нәрестенің анасын іздестіру ауқымы кеңейтілді

Фотография - ШҚО-да қоқыстан табылған нәрестенің анасын іздестіру ауқымы кеңейтілді

полициямен бірге ананы іздеуге дәрігерлер де қосылды

421 0

Зыряндағы қатты тұрмыстық қалдықтар қоқысында табылған өлі нәрестенің анасын іздестіруге медецина қызметкерлері қосылды. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Іздестіру ауықымы да кеңейтілді.

"Ішіне нәресте салынған пакетті қоқысқа әкеп төкен қоқыс тасушы көлік анықталды. Оның бағыты да белгілі – ол қаланың бірнеше көшесімен өткен. Полиция бағыттағы мекен жай бойынша іздестіру жүргізді. Ол нәтиже бермегендіктен, Зырян маңындағы елді мекендер де қосылып алынды", - дейді баспасөз қызметінен.

Полиция іздестіруге медецина қызметкерлері қосылғанын мәлімдеді. Олар тасталған нәрестенің анасын жүкті әйелдер базасынан қарауда.

"Олардың мәліметінше, Зырянда 360 жүкті әйел тіркелген. Полиция оларды тексеруде. Әзірге бұл нәтиже берген жоқ", - дейді құқық қорғау ведомствосынан.

Дәрігерлер нәрестені тексеруге алып, оның 38-40 апталық кезінде туғанын анықтады.

"Нәресте жетілмеген, ұл бала. Оның тірі немесе өлі туғанын анықтау үшін сараптама жүргізілуде. Оның нәтижесін алдағы уақытта хабарлаймыз", - деп атап өтті полициядан.

Естріңізге салсақ, 5 наурызда коммуналды кәсіпорын қызметкерлері қоқыстан нәрестенің қолы шығып тұрған пакетті тапқан. Келіп жеткен полиция кіндігі байланбаған нәрестені анықтады. Дененің қасында жаялық жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге себеп өткір тыныстық жетіспеушілік.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!