Петропавлдың 25 жастағы тұрғыны бір түнде 20 көлікті тонап кетті

Фотография - Петропавлдың 25 жастағы тұрғыны бір түнде 20 көлікті тонап кетті

Петропавл орталығындағы үйлердің аулаларында бірнеше темір тұлпардың тоналғаны туралы хабар келіп түсті.

235 0

Петропавлда бірнеше автокөлікті ұрлады деген күдікпен 25 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz.

ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сағандықованың айтуынша, полицейлерге Петропавл орталығындағы үйлердің аулаларында бірнеше темір тұлпардың тоналғаны туралы хабар келіп түсті. Төрт сағаттың ішінде, түнгі бірден таңғы беске дейін қылмыскер жиырмаға тарта көліктің есігін сындырып, кәдеге жарайтын қосалқы бөлшектерін қолды қылған.

Тексеріс барысында аталған факті расталды. Екінші бөлімнің жедел тергеу тобының қызметкерлері жол-патрульдік полициямен бірлесіп Жұмысшы кентінің тұрғынын құрықтады. Ұсталған азаматтан аккумулятор, бейнетіркеуіш, құрал-саймандар тәркіленген.

"Ұрланған мүліктің барлығын қаскөй таксимен үйіне алып кетпек болған. Алайда ұрлықшы арам пиғылын толығымен жүзеге асыра алмады, тәртіп сақшылары оны кетпей жатып қолға түсірген", - деп түсіндірді Сағандықова.

Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін істі болған екен.

Аталған факті бойынша 188-бабы, 2-тармағы, 2-тармақшасымен қылмыстық іс қозғалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!