Астанада пара алған екі полиция қызметкеріне 2,6 млн теңгеден айыппұл салынды

Фотография - Астанада пара алған екі полиция қызметкеріне 2,6 млн теңгеден айыппұл салынды

100 АҚШ долларын құрайтын пара алынды деген айыптаулар тағылды.

329 0

Астанада пара алған екі полиция қызметкеріне 2,6 млн теңгеден айыппұл салынды, деп хабарлады прокуатураның баспасөз қызметі.
19 қаңтар 2016 жылы Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Департаментінің  қызметкерлерімен, мөлшері 100 АҚШ долларын құрайтын  ақшалай қаражат нысанындағы пара, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын құрамағаны үшін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жол полициясы жол-патрульдік қызметінің инспекторлары азаматтар С. және Р. ұсталды.
9 ақпан 2016 жылы Астана қаласының прокуратурасымен, азаматтар С. және Р. ҚР ҚК 366 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен көзделген қылмысты жасау, яғни лауазымды тұлға бола тұра, бір топ адамдармен  заңсыз баю әрекетімен алдын ала сөз байласу арқылы азамат Ғ.-дан мөлшері 100 АҚШ долларын құрайтын пара алынды деген айыптау жөніндегі қылмыстық іс, Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотына мәні бойынша қарастыру үшін жолданды.
19 ақпан 2016 жылы Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының үкімімен   ҚР ҚК 366 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін азаматтар С. және Р.айыпталып, әр-қайсысына пара мөлшерінен жетпіс есе артық сомасы 2620170 (екі миллион алтыжүз жиырма мыңжүз жетпіс) теңге құрайтын айыппұл, мүлігін тәркілеу және өмір бойы құқыққорғау органдары мен мемлекеттік қызметте болу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!