Қарағандыда полиция подполковнигі бес жылға сотталды

Фотография - Қарағандыда полиция подполковнигі бес жылға сотталды

Әкімшілік полиция басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Ерғабыл Жүкенов шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды.

238 0

 Қарағандыда облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Ерғабыл Жүкенов шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz  хабарлады.

Полиция подполковнигі алаяқтық жасады және пара беруге арандатты  деген күдікпен айыпталған болатын.

Қарағанды облысындағы жол полициясы қызметін басқарған экс-подполковник өз қарамағындағы 11 инспекторды пара алып жатқан жерінде түсірілген бейне көріністер негізінде арандатып, олардың әрқайсынан 5 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алған.

Сотта айыпталушы өзінің қылмысын мойнына алмады. Алайда, Қарағандының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты экс-полицейді кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот оның мүлкін тәркілеуге және өмір бойы мемлекеттік лауазым атқару құқынан айыруға үкім шығарды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!