Талғар судьясы сотталушыға үйін жөндеткені үшін жауапқа тартылады

Фотография - Талғар судьясы сотталушыға үйін жөндеткені үшін жауапқа тартылады

Шартты түрде сотталушы судьяның үстінен арыз жазған

365 0

 

Алматы облысы Талғар ауданының судьясы Асқар Әлішев өз үйінің жөндеу жұмыстарына алаяқтық үшін шартты түрде сотталған адамды жалдағаны үшін жазалануы мүмкін, деп жазады Today.kz ҚР Жоғары сот жанындағы сот қызметін қамтамассыз ету департаментіне сілтеме жасай отырып.

2016 жылдың ақпан айында "Время" газетінде Талғар ауданының судьясы Асқар Әлішев өкілетін асыра пайдаланғаны туралы мақала шыққан. Журналисттерді қызықтырғаны 2011 жылы маусым айында судья Әлішев Талғар тұрғыны Мұрат Бөкенбаевты алаяқтық үшін бес жылға соттап, сол жылы тамыз айында өз үйін жөндеуге жалдаған. Оқиға сотталушының жазасы шартты түрге жеңілдетілгеннен кейін болған.

Талғар ауданы ІІБ-ға судья Әлішевтің әйелі арызданған. Әйел адамның арыздануынша, Мұрат Бөкенбаев үйдің сыртын жөндеуге жалданған, ал кейін күйеуінің сеніміне кіріп, 3 675 000 теңге ақшаын алған. Сол кезде шартты мерзімі бітпеген Бөкенбаевқа қатысты "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Алайда, Бөкенбаев полицияға, Әлішевті танитынын, оын бес жылға соттаған судья сол екенін және жөндеу жұмыстарынан бас тартса тұрмеге тоғытатынынан қорыққанын айтқан.

Қазіргі кезде Бөкенбаев полицияға Асқар Әлішевті өкілеттілігін асырғаны үшін жауапқа тарту туралы арыз жазған. ҚР Жоғары соты жанындағы Сот қызметін қамтамассыз ету департаментінің ішкі қауіпсіздік және жемқорлықтың алдына алу бөлімінің тексерісі аталған фактілерді дәлелдеген.

"Қызметтік тексеру материалдары Судьялық этика комитетіне берілді. Ресми түрде айтамыз, сот жүйесі қызметкерлері немесе судьялар дұрыс жұмыс атқармаса, Судьялық этика кодексін бұзса, қолданыстағы заңнама бойынша шешімдер қабылданады", - дейді ҚР Жоғары соты жанындағы Сот қызметін қамтамассыз ету департаментінің ақпараттандыру бөлімінің меңгерушісі Болат Кальянбеков.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!