Алматыда "Медеу" шатқалында әйел адам өзін-өзі өртеп жіберген

Фотография - Алматыда "Медеу" шатқалында әйел адам өзін-өзі өртеп жіберген

Суицид жасауға бірнеше ай бұрын жұмыстан босап қалғаны себеп болуы мүмкін.

587 0

13 наурыз күні кешке Медеу шатқалында өртенген әйелдің мәйіті табылған, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Мәйіт жанынан жанармай құйылған ыдыс табылған.

"Аталған оқиға Медеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу біріңғай тізбесінде тіркеліп, зерделенуде. Алдын ала болжам бойынша, бұл суицид болуы мүмкін", - делінген Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Тергеу шаралары барысында марқұмның 1984 жылы туған Алматы тұрғыны екенін анықталды. Туыстарының айтуынша, ол бірнеше ай бұрын жұмысынан шығып қалып, депрессияда жүрген. Туыстарына өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқаны да белгілі болып отыр", - дейді ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!