Сот Серік Ахметовты толық ақтаудан бас тартты

Фотография - Сот Серік Ахметовты толық ақтаудан бас тартты

Апелляциялық алқа 10 жылға сотталған шенеуніктің мерзімін бүгін 2 жылға қысқартты.

480 0

Экс-премьер Серік Ахметовтың жазасы жеңілдетілді. Апелляциялық алқа 10 жылға сотталған шенеуніктің мерзімін бүгін 2 жылға қысқартты. Қарағанды облысының экс-əкімі Бауыржан Əбдішевтің де жазасы 5-тен 3 жылға азайған. Бұл туралы ktk.kz

Сондай-ақ,  Қарағандының бұрынғы əкімі Мейрам Смағұловқа да аудандық сот белгілеген 3 жылы 2-ге шегерілді. Ахметовтен кейінгі ұзақ мерзім - 7 жылды арқалаған Индустриалды парктің басшысы Анатолий Ессе түрмеде 5 жыл отыратын болды. Жалпы сотталғандардың барлығының дерлік жаза мерзімдері 1-2 жылға ғана қысқарып, кейбіреуі шартты жаза алды. Жазаның жеңілдеуі Ахметовтың мемлекетке келген 2 миллиард  200 млн теңге шығынды қайтаруымен тікелей байланысты. Дегенмен апелляциялық алқаның мəлімдеуінше, шығын өтелгенімен қылмыс мойындалмаған соң сотталушылардың ешқайсысын ақтап алу мүмкін болмаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!