ШҚО-да оқушы қыздың табылмай жатқанына 6 айдан асты

Фотография - ШҚО-да оқушы қыздың табылмай жатқанына 6 айдан асты

2015 жылдың 12 қыркүйегінде Айым Шар қаласының Жарма ауданында үй киімімен сыртқа шығып, хабарсыз кеткен.

364 0

ШҚО-да 2015 жылдың қыркүйегінен бері оқушы Айым Ұлтомбаева табылмай жатыр. Тәртіп сақшылары оның тірі екеніне күмәндана бастады деп хабарлайды nur.kz порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары іздеу салынғаны туралы істі "өлтіру" ісіне ауыстырып, қыз баланы іздестіруді жалғастырғанымен, ол әлі табылмай келеді.

Еске салсақ, 2015 жылдың 12 қыркүйегінде Айым Шар қаласының Жарма ауданында үй киімімен сыртқа шығып, хабарсыз кеткен болатын. Жергілікті тұрғындар жабылып қыз баланы іздегенімен, бұл еш нәтиже бермеді. ШҚО Ішкі істер департаменті жеткіншекті әлі күнге дейін таппағандарын мәлімдеді.

"Іліп әкетер ешқандай ақпарат жоқ. Дегенмен жеткіншекті әлі де іздестіруді тоқтатқан емеспіз", - дейді мекеменің баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Торғаев.

Еске салсақ, 2015 жылдың 13 желтоқсанында 24 жастағы Ольга Жукова және 2016 жылдың 15 ақпанында 19 жастағы Татьяна Бекова хабарсыз кетіп, жақында олардың мәйіті табылған болатын. Екі қала тұрғыны да өзіне қол салды деген болжам жасалынуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!