Ермегияв ісін алдын ала тыңдау күні белгілі болды

Фотография - Ермегияв ісін алдын ала тыңдау күні белгілі болды

ЭКСПО-2017 бұрынғы төрағасы ісінің тергеуі аяқталды

452 0

"Астана "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгілі болды, деп жазады Today.kz Астана сотының баспасөз қызметінің төрағасы Ботагөз Баяноваға сілтеме жасай отырып.

"Талғат Ермегияевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 18 наурыз күні сағат 10:00-ге белгіленген. Сот Астана қалсының мамандырылғана арнайы ауданаралық қылмыстық істер сатында өтеді", - деп хабарлайды баспасөз төрағасы.

Естеріңізге салсақ, ЭКСПО-2017 бойынша жемқорлық дау 2015 жылдың жазында туындаған болатын. Ұлттық компанияның құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов 2015 жылдың 11 маусымында үй қамағына алынды. Ол уақытта Үсенов  "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ кеңесшісі қызметін атқарған. Жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосы оны 214 миллион теңгені иемденді және аса ірі көлемде шашты деп күдіктенді.

13 маусымда "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев үйқамаққа алынды. Компанияның бұрынғы топ-менеджері де ірі көлемде бюджет қаражат жымқырды деп күдіктелді. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің соңғы ақпараты бойынша, "Ермегияев заңсыз сыйақы ретінде 4,2 миллиард теңгені иемденді". "Астана ЭКСПО" компаниясындағы жымқыру туралы қылмыстық іс 500 томды құрады.

ЭКСПО-2017 ұйымдастыру комитетінің бұрынғы төрағасының ісін прокуратура сотқа бергені 11 наурызда белгілі болды. Талғат Ермегияевпен бірге сот алдына бұрынғы басқарушы директор Суламбек Баркинхоев, құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов және тағы бірқатар коммерциялық ұйымдар жауап береді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!