Алматыда дәрігерді жаралаған адам кепілге босатылды

Фотография - Алматыда дәрігерді жаралаған адам кепілге босатылды

Айыпталушы денсаулығына байланысты сотқа келмеген

297 0

Алматылық дәрігерді бетон бөлшегімен ұрған күдікті кепілге босатылды, деп жазады Today.kz. Бұл туралы зардап шеккен дәрігер Наркескен Сейсенбаевтың әкесі мәлімдеді. Нақып Сейсенбаевтың айтуынша, күдікті босатндықта екенін ол сотқа келгенде ғана білген.

"Айыпталушы бізден бірнеше рет кешірім сұрағанмен, нақты көмек көрсеткен жоқ. Біз сот шешіміне қарсы емеспіз, алайда, оны қашан жібергенін де білмейміз. Ұстау мерзімі екі ай болаты, ол 29 қарашада шығарылған. Мерзім аяқталған болар", - дейді Нақып Сейсенбаев.

Қазір зардап шеккен тарап шабуыл жасаған адам материалдық және моральдық шығынды толық өтеуін талап етуде. Нақып Сейсенбаевтың айтуынша, қаржы Наркескеннің еміне керек. Әкесі ұлына екінші операция жасалғанын, қазіргі кезде ОҚО-да жатқанын айтады.

Оқиға кезінде дәрігердің қасында болған фельдшер де ауруханаға жатқызылған болатын. Ол оқиғаның мән-жайымен бөлісті.

"Алдымен ол мені ұрды, сосын Наркескенді жаралады. Біз шақыртуға келгенде бізге шабуыл жасаған адам есін білмей жүрген. Ол менен сол күйі кешірім де сұрамады. Енді сотқа сенеміз", - дейді Асылбек Нұрбаев.

Сот Алматының Наурызбай ауданында 16 наурызға белгіленген болатын, дегенмен, айыпталушы сотқа келмегендіктен іс қаралмады. Адвокаттың айтуынша, айыпталушының денсаулығы нашарлаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!