Палодарда багажникке салынған ер адамға қатысты барлық тұлғалар анықталды

Фотография - Палодарда багажникке салынған ер адамға қатысты барлық тұлғалар анықталды

Полиция әрекетінің заңдылығын тексеру үшін қызметтік тергеу жүруде.

589 0

Павлодар облысы ІІД ер адамды көліктің жүк салғышына салып қойған полиция мен ЖҚАЖ (жылдам қимылдайтын арнайы жасақ) қызметкерлерімен болған жайт туралы айтып берді. Бейнеролик 15 наурызда Instagram парақшасындағы instavideo_kaz топтамасында жарияланған. Ведомствода 15 наурызда оқиғаның расымен орын алғанын растады, деп жазады Today.kz аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Рубеж" бақылау-өткізу пунктінде кезекшілік еткен автопатруль S 949 TZM мемлекеттік нөмірлі күдікті ВАЗ-21099 маркалы көлікті байқап, оны тоқтатып, тексеруге әрекеттенген. Алайда, көлік иесі полицияның заңды талабын елемей, үлкен жылдамдық алып, қашпақ болған", - дейді баспасөз қызметінде.

Ведомствода, қашқынды Ертіс өзеніндегі көпірде қуып жетіп, тоқтатқан. Жүргізуші мен жолаушылардың мас болғаны анықталған. Ер адамдардың бірі өзін ұстай алмаған: жол үстіне жүгірген, көпірдің үстіне шығып жатқан. Полицияның айтуынша, ол құлап кетуі мүмкін еді.


"ЖҚАЖ қызметкері оның қауіпсіздігі үшін жақын жердегі қауіпсіз жерге жатқызуға мәжбүр болған. Ер адамды ұзақ тыныштандырып, кейін көлік салонына отырғызған. Полицияға қауіп төнбегендіктен оны жазаға тарту қарастырылмаған", - дейді баспасөз қызметінде.

Қазіргі кезде полиция қолданған шараның заңдылығы тексеріліп, қызметтік тергеу жүруде. Полицияның заңдылықты бұзғаны анықталған жағдайда тәртіп комиссия тиісті шешім қабылдайды.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Оқиғаны дұрыс бағалап, олардың барлығы полицияға арызданудан өздері бас тартқан.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!