Атырауда компания екі қолынан айрылған балаға 17 миллионан астам өтемақы төлейді

Фотография - Атырауда компания екі қолынан айрылған балаға 17 миллионан астам өтемақы төлейді

Сот компанияны баланың еміне кеткен шығынды өтеуге міндеттеді

427 0

Атырауда қоршалмаған электр станциясында тоққа түскеннен кейін дәрігерлер қолын ампутация жасаған баланың анасы "Атырау Жарык" АҚ-дан 17,5 миллион теңге материалдық шығын өндіріп алды, деп жазады Today.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Сотта әйел компания жұмысшыларының қызметтік міндетін немқұрай атқарғандығынан баласы ауыр жарақат алғанын дәлелдей алды.

Іс материалы бойынша, 2014 жылы 19 сәуірде баланың қоршалмаған электр станциясында тоққа түсіп, ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілгені айтылған. Дәрігерлерге баланың өмірін сақтап қалу үшін екі қолын да кесуге тура келген.

Баланың ата-анасы өз уақытында медециналық жәрдем алу үшін балын Стамбулдағы "Medicareinternational" клинкасына жатқызған. Ұсынылған құжаттар бойынша, ем қабылдау құны 142 600 долларды құрады.

Сот барлық жағдайды тексеріп, "Атырау Жарык" акционерлік қоғамынан зардап шеккен тарап пайдасына, баланың еміне кеткен 17 549 703 теңге өтемақы өндіріп берді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Атап өтейік, ұқсас жағдай Талдықорғанда да болды. 2014 жылы 18 қарашада 15 жасар Мадина Маратқызына әскери госпитальдің бетонды қоршауы құлаған. Нәтижесінде қыздың бір аяғына ампутация жасалды. Сот шешімі бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігі қыз балаға өмір бойына ай сайын 10 АЕК төлеп тұрады және моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге төлеуі тиіс.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!