Атырауда жауыннан үйлер құлап жатыр

Фотография - Атырауда жауыннан үйлер құлап жатыр

Метереологтардың айтуынша, соңғы екі тәулікте жауған жауын-шашын мөлшері 14-мм ден 16-ммге дейін ұлғайған.

489 0

Наурыз басталғалы нөсер жауын атыраулықтарды әбден әбігерге салып жатыр. Метереологтардың айтуынша, соңғы екі тәулікте жауған жауын-шашын мөлшері 14-мм ден 16-ммге дейін ұлғайған. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Атырау қаласының әкімі Әділбек Зайдуллин айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Толассыз жауған нөсер салдарынан 139 атыраулық зардап шеккен.  20 баспана мен 41 аула суға толған. Су құрсауында қалған басқа да нысандар әлі зерделену үсінде. 2 үй жауын салдарынан құлаған.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

"Атырау қаласында құлаған Құрманғалиев көшесіндегі ескі үйде ешкім тұрмайтын болып шықты. Ешкім жарақат алған жоқ. Ал, жауын салдарынан құлаған  И.Тайманов көшесіндегі 26 үйде 8 адам тұрған. Отбасы мүшелерін облыс орталығындағы кәсіпкер өз қамқорлығына алды", -деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Зайдуллин.  

Жалпы, Атырау көшелерінен қар ери бастағалы 75 мың текше метр, ал 14-15 наурыз күндері 16 мың текше метр су шығарылған. Бүгін Атырау қаласының көшелері мен тұрғын үйлердің суын сору жұмыстарына 300-ден астам құтқарушы мен 80 техника жұмылдырылған. Айта кеткен жөн, облыс орталығын құрғатуға  мұнай компаниялары мен жеке кәсіпкерлер атсалысуда. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!