Оңтүстікте есірткі тасымалдап жүрген топ ұсталды

Фотография - Оңтүстікте есірткі тасымалдап жүрген топ ұсталды

Тергеу барысында күдіктілер есірткі шөбін Жамбыл облысының аумағынан әкеліп сататындықтарын мойындады.

345 0

Оңтүстіктің полицейлері есірткі тасымалдап жүрген топты ұстады. Бұл туралы ОҚО ІІД-і дерегіне сүйенген egemen.kz хабарлады.

Олар Түлкібас ауданының тас жолында ВАЗ-21099 көлігін тоқтатқан. Салонда отырған жергілікті үш азаматтың есірткі сатумен айналысатындығы туралы ақпарат расқа айналды. Машинадан марихуана тектес 500 граммнан асатын есірткі өсімдігі табылған.

Жалпы, бұл топтың есірткі сатудағы шатағы мұнымен шектелмейді екен. Күдіктілерінің бірінің әйелі де саудаға қатысы бары анықталып, үйін тінткенде 5 келі есірткі тектес өсімдік шөбі табылған.

Тергеу барысында күдіктілер есірткі шөбін Жамбыл облысының аумағынан әкеліп сататындықтарын мойындады.

Осыған орай оларға қылмыстық кодекстің 297 (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 262-бабымен (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, қатысу) іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері ОҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымдағы шамамен 16,5 келі есірткі затын, оның ішінде шамамен 160 гр героин есіткі затын тәркіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!