Қарағанды-Теміртау тас жолында 17 автокөлік соқтығысты

Фотография - Қарағанды-Теміртау тас жолында 17 автокөлік соқтығысты

Полицияның мәліметі бойынша, күн райының нашар болуынан жолды көру нашарлығынан және көктайғақ салдарынан жаппай жол апатына себеп болған.

1856 0

Жаппай ЖКО Қарағанды облысында болған. Бірден 17 автокөлік Қарағанды-Теміртау тас жолында соқтығысты, деп хабарлайды Today.kz.

Полицияның ақпараты бойынша, күн райының нашар болуынан жолды көру нашарлығынан және көктайғақ салдарынан жаппай жол апатына себеп болған.

"Сағат 17:50 Қарағанды-Теміртау тас жолында жаппай көлік апаты орын алғаны хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қарағанды облыстық және Теміртау қаласының жол-патрульдік полиция қызметкерлері аттанған. Алдын ала мәлімет бойынша, аварияның болуына күн райының нашар болуынан жолды көру нашарлығынан және көктайғақ себеп болған. Қазіргі уақытта ЖКО салдарынан 17 автокөлік зардап шекті. Зардап шеккен азаматтар жоқ. Қазіргі уақытта автожол полиция қызметкерлерімен жабылған, алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның неден болғаны анықталуда", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметшісі Бақытжан Құдияров.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!