Астанада Ермегиявтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым басталды

Фотография - Астанада Ермегиявтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым басталды

Фото: ©Арман Мухатов

Журналисттер процесті прес-залынан бақылауда.

458 0

Астанада ауданаралық қылмыстық сотта бірнеше миллиардар жымқырды деп айыпталған "Астана "ЭКСПО-2017" ҰК бұрыңғы басшылығына қатысты атышулы іс бойынша алдын ала тыңдалымдар басталды - деп хабарлайды today.kz. Айыпталушы ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев пен бір топ лауазымды тұлға бар. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта процеске қатысушылар таныстырылып, алғашқы сот талқылауының мерзімі белгілі болады. Істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Әділхан Шайхисламов қарайды.

Сот залына қарауылмен әкелінген Талғат Ермегияев үй қамаққа алынған тағы басқа күдіктілерге белгіленген столға жайғасты. Олардың ішінде ұлттық компанияның департамент басшысы Қажымұрат Үсенов те бар.Іс бойынша, Ермегияев заңсыз сыйақы есебінде 4,2 млрд. теңге көлемінде қаржы алды деп айыпталуда.

Фото -

"Астана ЭКСПО" -компаниясынан 10 миллард теңгеден астам қаражат ұрланған. Бұл туралы Мәжілісінің жалпы отырысы барысында журналистерге берген сұхбатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім еткен

Агенттік төрағасының айтуына қарағанда, "Астана ЭКСПО" компаниясының бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қазіргі күні жемқорлық қылмысымен айыпталушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстыру үдерісі жүзеге асуда. "Тұтастай алғанда осы іс бойынша 24 тұлға тергелуде, ал иелену арқылы ұрланған сома жалпылама алғанда 10 млрд 200 млн теңгеден асады. Соның ішінде Ермегияев мырзаның тікелей 4 млрд 200 млн теңгені иеленгені дәлелденіп отыр. Бұл ретте ЭКСПО-ның ақшалай қаражаты есебінен активтер алу секілді мәселелер де бар екенін еске саламын", - деді Қ. Қожамжаров.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі "б" тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік таңылды.

12 маусымда Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының шешімінен Талғат Ермегияев 2 айлық мерзімге үй қамауына алынды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!