Ермегиявты не үшін айыптауда және қандай жазаға тартуы мүмкін

Фотография - Ермегиявты не үшін айыптауда және қандай жазаға тартуы мүмкін

Фото: ©Арман Мухатов

Today.kz "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" жымқыру ісі бойынша айыпталушыларға тағылған толық айыптауларды жариялайды

1038 0

"Астана ЭКСПО-2017"ҰК" жымқыру ісі бойынша Талғат Ермегияевқа ҚР ҚК бабы бойынша айып тағылуда, деп хабарлайды Today.kz.

Сонымен Ермегияевқа төмендегі айыптаулар тағылуда: 

- ҚР ҚК 311-бабы 5 тарауы бойынша (1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167 Кодексі): "Аса ірі мөлшерде пара алу". 

Жаза: мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 


- ҚР ҚК 176-бабы 4 тарауы "б" тармаққшасы бойынша (1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167 Кодексі): "Аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету". Жаза: олар аса iрi мөлшерде жасалса, мүлкi тәркiленiп және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейiнгi мерзiмге айырып, 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


- ҚР ҚК 189-бабы, 4 тарау, 2 тармақшасы бойынша: "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу".  Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:2) аса iрi мөлшерде жасалса, мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ауданаралық қылмыстық сотта бірнеше миллиардар жымқырды деп айыпталған "Астана "ЭКСПО-2017" ҰК бұрыңғы басшылығына қатысты атышулы іс бойынша алдын ала тыңдалымдар бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі "б" тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік таңылды.

12 маусымда Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының шешімінен Талғат Ермегияев 2 айлық мерзімге үй қамауына алынды. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!