ҚазҰТУ студентін өлтіру ісі: Тлек Текішевті сегіз жылға соттады

Фотография - ҚазҰТУ студентін өлтіру ісі: Тлек Текішевті сегіз жылға соттады

Алматының Бостандық аудандық сотында Самұрат Жақысылықовтың ісі бойынша сот үкімі шықты

330 0

ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылықовты өлтірді деп айыпталған Тілек Текішевке сот үкімі шықты, деп жазады Today.kz.

"Тілек Текішевті ҚР ҚК 106-бабының 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру тағайындалады. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өткізеді. Бұлтартпау шарасы сол күйде қалады", -  деп оқыды үкімді судья.

Сонымен бірге сотталушыға моральдық шығын ретінде бір миллион теңге және материалдық шығын ретінде 5,191 миллион теңге айыппұл салынды.

Естеріңізге салсақ, ҚазҰТУ 4 курс студенті Самұрат Жақсылықов 2015 жылдың 30 қарашаында оқу орнының қабырғасында адам қолынан көз жұмған. Күдікті ретінде Жақсылықовтың 23 жасар курстасы Тілек Текішев ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі арада кикілжің кітапханада туындаған. Ал 21 жасар Жақсылықовтың денесі пышақ жарақаттарымен дәретханадан табылған. 

Мұның алдында көз жұмған жігіттің жықыны күдіктінің дәулетті туыстары іс барысына кедергі келтіруі мүмкін деген пікір айтқан.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!