Астанада танымал мейрамханада астыртын сыра цехы жұмыс атқарған

Фотография - Астанада танымал мейрамханада астыртын сыра цехы жұмыс атқарған

Сонымен бірге мейрамханада заңсыз алкогольді ішімдікті сатумен де айналысқан

467 0

Атанада жасырын сыра қайнататын орын анықталды. Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметінше, цех SVOY мейрамханасында орналасқан, деп жазады Today.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ағымдағы жылдың 18 наурызында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері Жұмабаев көшесі, 24, мекенжайы бойынша орналасқан SVOY мейрамханасында заңсыз алкогольдік өнімді өндіру мен сату фактін анықтады. Нақты айтқанда, бұл мейрамханада заңсыз сыра өндіру мен шетелдік және отандық алкогольдік ішімдіктерін сақтау және сату жүргізілген", - делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Тексеріс барысында барлық алкогольдік ішімдік тәркіленді. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 214-бабы "Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банк ісі" бойынша тергеу басталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!