Полиция жарты миллион тұратын "Vertu" телефонын иемденіп кеткен алаяқты ұстады

Фотография - Полиция жарты миллион тұратын "Vertu" телефонын иемденіп кеткен алаяқты ұстады

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

287 0

Көлік полицейлері алаяқтық жолмен құны жарты миллион теңгелік ұялы телефонды иеленіп кеткен қызды ұстады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

2015 жылғы 23 желтоқсан күні сағат 18.00-де Астана қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне 40-жастағы ҚР азаматы шағымданып келген. Оның айтуынша, 22.12.2015ж. Астана қаласы әуежайына келген бойда "Астана-Алматы" бағытындағы ұшақпен жолаушыларының біріне құны 500 000 теңге тұратын "Vertu" маркалы ұялы телефонды беріп жіберген. Шағымданушының айтуынша, ол оңтүстік астанаға жеткеннен кейін телефонды тиісті иесіне тапсыратынын айтқан.

Сол күні сағат 01.30-да аталған рейспен ұшып келген жолаушы қыз телефонды сөндіріп, көрсетілген адресатқа телефонды бермеген. Осылайша, біреудің сеніміне кіру және алаяқтық жолмен өзгенің затын жымқырып кеткен, - делінген хабарламада.

24.12.2015ж. жоғарыда аталған факт ҚР ҚК 190 бабы 1 тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жеке тұлғасы анықталды. Ол 1997 жылы туылған ҚР азаматы болып шықты.

Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!