Полиция қаңтарда жоғалып кеткен Айбек Мұстақаевтың өлтірілгенін растады

Фотография - Полиция қаңтарда жоғалып кеткен Айбек Мұстақаевтың өлтірілгенін растады

22 жасар жігіттің денесі Абай қаласының қоқыстарының бірінен табылды

535 0

Қарағанды облысында үш ай бұрын із-түссіз кеткен 22 жасар Айбек Мұстақаевтың денесі табылды, деп жазады Today.kz. Жігіттің денесі Абай қалашығының қоқыстарының бірінен табылған. Оның денесі тұрғындар тауп алған.

"Күштеп өлтіру іздері бар адам денесінің табылуына қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Түрлі нұсқалар қарастырылуда. Облыс басшылығының ұйғарымымен аса ауыр қылмысты ашуға жедел-тергеу тобы құрылды", - дейді Қарағанды облысының ІІД-нен.

Естеріңізге салсақ, Айбек Мұстақаевтың үйлену тойы алдында жоғалып кеткені туралы 7 қаңтарда белгілі болды. Соңғы рет оны Қарағандыда 3 қаңтар күні "Стекляшка" дүкенінің жанында көрген. Кейін 8 наурыз күні облыстық ІІД жігіт жоғалған күні оның үстінен арыз түскенін хабарлады және жасырынып жүруі мүмкін деген болжам айтқан. Айбек Мұстақаевты іздеуге еріктілер де қосылды. Оның суретін қала бойына ілінген болатын.

Айбек Мұстақаевты жерлеу бүгін 26 наурыз күні өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!