Астанада Bek Air ұшағы апатты жағдайда қонды

Фотография - Астанада Bek Air ұшағы апатты жағдайда қонды

Алдыңғы шасси сыртқа шықпай қойғандықтан ұшаққа онсыз қонуға рұқсат берілді

384 0

Қызылорда қаласынан Астанаға бет алған Bek Air ұшағы апаттық жағдайда алдыңғы шассисіз Астанаға келіп қонды  деп хабарлайды Today.kz авиакомпания төрағасы Нурлан Жамасұлтановқа сілтеме жасай отырып.

"Алдыңғы шасси сыртқа шықпай қойғандықтан ұшаққа  онсыз қонуға рұқсат берілді. Ұшақты өз ісінің білгірі, білікті маман  көп ақауларсыз жерге қондырды (ұшқыш – Автордың нұсқ.)." Жолаушылар мен экипаж мүшелері дін аман. Ұшақ жолаушыға толы болды (Fokker-100 – Автордың нұсқ.). Апат себебін әзірге айта алмаймыз, тексеру жүргізу қажет", -дейді Жамасұлтанов.

Еске салсақ , Fokker-100 ұшағы өз бортына 119 адам сыйдыра алады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!