"Bek Air" ұшағының апатты қонуына байланысты Исекешев түсініктеме берді

Фотография - "Bek Air" ұшағының апатты қонуына байланысты Исекешев түсініктеме берді

Ұшақ бортында 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды

700 0

"Bek Air" авиакомпаниясы ұшағының Астана қ. әуежайына апатты жағдайда қонуының себептерін ҚР ИДМ-нің арнайы комиссиясы зерттейтін болады. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев  хабарлады.

Шұғыл деректерге қарағанда, "BekAir" авиакомпаниясының "Фоккер-100" типті әуе кемесі "Қызылорда-Астана" бағдарымен рейс орындау барысында шассидің алдыңғы тіреу тағанынсыз апаттық жағдайда жерге қонған.

Кесте бойынша ұшақ Астанаға 09.45-те қонуға тиіс болатын. алайда штаттан тыс жағдайда өрт шығу қаупін мейлінше азайту қажет болды. Осыған байланысты ұшақ әуеде қосымша 50 минуттей уақыт ұшып жүрді. Ол екі ортада Астана әуежайы өрт болу қаупінің алдын-алу мақсатында ұшу-қону жолағын көбікке толтырды. Қосымша 7 өрт техникасы мен 4 жедел жәрдем мәшинесі әзірленді.

Ұшақ 10.36-да қонды. Ұшақ бортында 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. Запа шеккендер жоқ.

Әуежайдың, қаланың шұғыл қызметтерінің үйлесімді жұмысы мен әуе кемесі экипажының жоғары кәсібилігін атап өткен ләзім.

Қазіргі уақытта ҚР ИДМ-нің арнайы комиссиясы құрылды. Зерттеу нәтижесі кейінірек хабарланатын болады.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!