Қарағандыда діни ұйымды насихаттағандар сотталды

Фотография - Қарағандыда діни ұйымды насихаттағандар сотталды

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №1 соты Қылмыстық кодекстің 405-бабы, 1-тармағы бойынша айыпталған үш тұрғынға қатысты үкім шығарды.

88 0

Қарағандыда "Таблиғи жамағат" діни экстремистік ұйымын насихаттағаны үшін облыстың үш тұрғыны сотталды. Бұл туралы Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №1 соты Қылмыстық кодекстің 405-бабы, 1-тармағы бойынша айыпталған үш тұрғынға қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушылар Қазақстанда 2003 жылдан бері "Таблиғи жамағат" діни экстремистік ұйымының іс-әрекетіне заңмен тыйым салынғанын біле тұра, оның идеяарын облыс көлемінде белсенді түрде насихаттап келген.

Қазыбек би аудандының №1 соты аталған ұйымның жергілікті топбасшысын екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ал оның екі серігі екі жылға сотталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!