Полицияның бұрынғы қызметкері сотталды

Фотография - Полицияның бұрынғы қызметкері сотталды

Полицияның аға лейтенанты Самал Құдабаева 80 мың теңге мөлшерінде алым талап етіп, алаяқтыққа қатысты тергеу амалдарын тоқтату үшін сұраған.

192 0

 Қалалық сот полициясының бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім шығарып, айыпты деп тапты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Полицияның аға лейтенанты Самал Құдабаева қалалық ішкі істер басқармасында қылмыстық істерді тергеу тобының тергеушісі қызметін атқарып жүргенде С. деген азаматшадан 80 мың теңге мөлшерінде алым талап етіп, алаяқтыққа қатысты тергеу амалдарын тоқтату үшін сұраған.

Сотта күдіктінін пара талап еткені дәлелденіп, Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-бөлімі бойынша жазаға тартылды. Оның мүлкі тәркіленіп, 1 жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!