Алматыда "Новая жизнь" шіркеуінде қару мен оқ-дәрілер табылды

Фотография - Алматыда "Новая жизнь" шіркеуінде қару мен оқ-дәрілер табылды

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

324 0

Алматыда "Новая жизнь" шіркеуін тінту барысында тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер табылған. Сонымен бірге шіркеуден қаржылық құжаттар анықталып, олар процессуалдық түрде тәркіленді, деп жазады Today.kz қалалық ІІД-ге сілтеме жасай отырып.

"2016 жылдың 25 наурызында сот рұқсатымен аталған діни бірлестіктің басты офисінде және жетекшілерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша, болуы мүмкін алаяқтықты дәлелдеу мақсатында тінту жүргізілді. Сонымен бірге құқық қорғау органдарының іс-әрекеті азаматтардың арыздарына байланысты жүргізілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, тінту кезінде аталған ұйымның қорынан қаржы мен діни әдебиетте тәркіленді деген жалған ақпарат таратылуда. ІІД-де жалған ақпарат таратқан тұлғалардың ҚР ҚК 274-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертеді.

Естеріңізге салсақ, ішкі істер органдары Алматыда "Церковь Христиан Веры Евангельской "Новая жизнь" города Алматы" діни бірлестігінің бұрынғы келушілерінің арызы негізінде ұйымның жетекшілеріне қатысты ҚР ҚК 3-бабының 1-тармағы "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!